
Бүгін аудан әкімі Б.Кулов Бесқұдық ауылына арнайы іс сапармен барып, "Қуағаш" бөгетін нығайту жұмыстарын қарап, "Бимаш" өндірістік кооперативі мен "BS-Агро" шаруашылығының көктемгі далалық жұмыстарын қарап, егіс алқаптарының жай-күйімен және И.Құрманов атындағы ауылдық округінің аумағындағы "Жайлау" шаруа қожалығының жұмыстарымен танысты.
Сонымен бірге жергілікті шаруа қожалық басшыларымен ауыл аумағындағы бұрынғы алма бағын жаңарту мәселелерін пысықтады.
Жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған "Ауыл аманаты" жобасының қатысушысы Б.Байбусиновпен кездесіп, құс шаруашылығын дамытуды жоспарлап, қаздың балапандарын өсіріп жатырған ауыл тұрғынының кәсібін қарады.
Көктемнің әр күні — бір жылғы азық. Жеке немесе қосалқы шаруашылығын дамытамын деген әрбір азаматты "Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысуға болады.
"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса 8 777 558 58 50 нөміріне хабарласуыңызға болады.