
Аудан әкімі Б.Кулов төтенше жағдай кезінде зардап шеккен үй иелеріне тиісті көмектерді уақтылы көрсетіп, өтініштерін қанағаттандыру мақсатында арнайы жасақталған комиссиямен кездесу өткізді.
Комиссия мүшелеріне салынатын үйлерге тұрғын үй иелерін бекіту, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізу, үйге қажеттілік бойынша әрбір өтініш берушінің пікірін ескеру жөнінде ұсыныстар берді.