Облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов Қобда ауданына жұмыс сапарымен арнайы келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов Қобда ауданына жұмыс сапарымен арнайы келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты
Облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов Қобда ауданына жұмыс сапарымен арнайы келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Ауданның Бұлақ, Әлия, Талдысай, Қобда, Терicаққан ауылдарына барып, бiрқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен танысып, әр елдi- мекеннің тұрғындарымен кездесті, жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Президент Жарлығына сәйкес iске асырылатын "Ауыл аманаты" жобасының алға қойған мiндеттерiн:ауылдарды көтеру, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажеттігі түсiндiрiлдi.
Аудан орталығында өткен есеп беру кездесуінде ауданда 2022 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2023 жылы қойылған негiзгi мiндеттер баяндалды.
Аймақ басшысы айтылған өтiнiштердi қолдап, тиісті басқарма басшыларына ауданның дамуы бойынша ауқымды жұмыстарды жүргiзудi, аудан тұрғындарының азық- түлік өнімдерін тұтынуына талдау жасауды тапсырды.
Ал Терicаққан ауылында "Терicаққан - 2017" ЖШС-нің жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездестi. Осы ауылда аудан кәсiпкерлерiмен "Абаттандырылған ауыл" жобасы аясында жүзеге асырылатын жалпы құны 256 500 мың теңгені құрайтын жобалар бойынша меморандумдарға қол қойып, міндеттер белгіленді.
Өңір басшысы іс сапар барысында бағасын беріп, "Ауыл аманаты" жобасы аясында жүргізiлiп жатқан жұмыстарды жалғастыруды, халықтың тұрмыс сапасын арттыруды тапсырды.