«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатысуы туралы ақпарат

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық  комиссияның жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін   оның отырысына байқаушылардың қатысуы  туралы ақпарат

Конкурстық  комиссияның жұмысының ашықтылығы мен әділдігін  қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары  қатыса алады.

     Байқаушылар әңгімелесу кезінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Байқаушы ретінде конкурстық комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін хабардар етеді. Ол үшін  конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша хабарласады.