
Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев: "Барлық деңгейдегі әкiмдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсiн. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, проблемалық мәселелерді шешудiң жолдары мен мерзімдерін түсіндірсiн,"-деп әкiмдерге тапсырма берген болатын.
Осы орайда Президент Жарлығына сәйкес Көк үй, Қоғалы, Сөгәлі, Жиренқопа, Қаракемер елді-мекендерінің тұрғындарымен аудан әкімі Б.Кулов кезекті кездесуiн өткізді. "Халық үнiне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес, ауыл тұрғындарының өтiнiштерi мен сұраныстарын, мұң-мұқтажын тыңдап, 2022 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы нақты атқарылатын жоспарларға тоқталып, толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу жиынында "Бизнестің жол картасы-2025", "Ауыл - ел бесiгi," "Еңбек" бағдарламалары аясында жүргізiлiп жатқан жұмыстарды баяндады.
Ал азаматтарды жеке қабылдау барысында түйткілді мәселелелер бойынша ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Тұрғындарымен кездесу сапары барысында ауылдық елді мекендердің тұрғындарына аудандық аурухананың дәрігерлері жылжымалы медициналық кешенде қажетті қызметтер көрсетіп, консультациялар берді.