Сенатор ауданды аралады

Сенатор ауданды аралады

Ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жумагазиев жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы аудан әкімі Болат Куловпен бірге бірқатар ауылдарды аралап, құрылыс нысандарын көріп, тұрғындармен кездесті.

Сенат депутаты алдымен Талдысай ауылында жаңадан салынып жатқан әкімшілік ғимаратының жұмыстарымен танысты. Сарбұлақ ауылдық округіндегi спорт алаңында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. И.Бiлтабанов атындағы ауылдық округте ауылдық клубтың жұмысымен танысты. Халық игiлiгiне жұмыс жасап тұрған нысан ауыл өмірінің мәдениетiн көтеріп тұрғаны сөзсіз. Мәдениет нысанының бүгінгі жай-күйімен танысқан Мұхтар Сабырұлы оң бағасын берді. Бұдан кейін сенат депутаты жергілікті тұрғындармен кездесті. Халық қалаулысымен кездесуге келген жұртшылық Елордадан келген қонаққа ризашылығын білдірді.

– Өздеріңіз білесіздер Мемлекет басшысы биылғы жылдың өзінде біршама өзгерістерді қолға алды. Бұл өзгерістерді халық расында күтті. Жыл басынан бері Қазақстан халқына Жолдауын жолдап, онда тез арада шешімін табуды қажет ететін тапсырмалар айтылды. Сондай-ақ, ел Президенті Жаңа Қазақстанды құруды да баса айтқан еді. Бүгінде ол бойынша көптеген жұмыстар басталды, – деген сенатор елдегi өзгерістер туралы айтты. Мемлекет үшін маңызы зор шешімге халықтың қолдауы ауадай қажет екенін түсіндіріп өтті.

Осыдан кейін елордалық қонақ аудан орталығындағы инфекциялық бөлімнің жұмысын қарап және жаңадан салынған аудандық мұражайда болды. Қобдалықтармен кездескен сенатор ауданға келудегі мақсатын түсіндіріп, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады.