Аудан әкімі Болат Куловтың аудан тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Болат Куловтың аудан тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті қобдалықтар! Барша мұсылман жамағатын айтулы Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-баба дәстүрімен үндестік тауып келе жатқан ежелгі мейрам бүгінде қоғамды діни нанымға, төзімділік идеяларының айналасына топтастыратын мемлекеттік мерекеге айналып отыр. Бұл еліміздегі діни конфессиялардың сыйластығы мен өзара ынтымақтастығының айқын көрінісі.

Қазақстан әлемдік қауымдастықта беделді мемлекет, еліміз бұл жетістікке қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық қатынастардың тиімді жақтарын ұтымды пайдалана білу арқылы қол жеткізді. Көптеген ұлт өкілдерінің мекені болып отырған біздің ауданымыз татулық пен бірлікте өмір сүріп, әдет-ғұрыптарын жандандырып, дамытып келеді.

Қымбатты жерлестер! Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

                                                                                                                        Қобда ауданының әкімі Б.Кулов