
Проактивті қызмет - қызмет көрсетуші субъекттің бастамасы бойынша берілетін, міндетті түрде қызмет алушы субъекттің ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы берген келісімімен, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
Бүгінгі күні проактивті тәсілмен «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсететін төмендегі қызметтерді алуға болады:
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
-Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
- Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу.
Бұл проактивті қызметтің артықшылығы - мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-МАБ) тіркелген адамға Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бөліміне жүгінбей-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта, үйінде отырып, келіп түскен СМС хабарламасына жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберу арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу мүмкіндігі.
Жүйе СМС хабарламаны қайда жіберетінін білуі үшін, азаматтарға тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгініп, мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет.
Үлгі:
Өтініш берушілерге «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» белсенді қызмет көрсету бойынша нұсқаулық
"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну жөніндегі іс-шараларды қамтитын ОЖБ "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін ОЖБ-ның деректері автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі және мүгедектің немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) абоненттік нөміріне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен смс-хабарлама жіберуге бастамашылық жасалады.
Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.
Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Проактивті қызмет арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн рәсімдеуге келісім алған күн болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Проактивті қызмет арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде мемлекеттік қызметтер стандартының 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салулар "Е-Собес" ААЖ-дан автоматты түрде жүзеге асырылады
Назар аударыңыз !!!
- қызмет мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-МАБ) тіркелген адамға ғана көрсетіледі.