Арулар — асыл жандар!

Арулар — асыл жандар!

Аудандық мәдениет үйінде 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "Арулар — асыл жандар" атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Б.А.Кулов барлық ақ жаулықты аналар мен ару қыздарды шұғылалы көктем мерекесімен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және рухани өміріне үлес қосқан азаматшаларды марапаттады.

Ауданымыздың өнерпаздары мерекелік тарту жасап, барлық ауданымыздың елді мекендерінен келген ардақты жандарға сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілді.