
5 наурыз, сенбі күні халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық дәстүрлі волейбол жарысы өтті.
Жарысқа ауданымыздың елді мекендерінен 16-29 және 30 жастан жоғары жас ерекшеліктері бойынша барлығы 14 команда қатысты.
16-29 жас ерекшелігі бойынша:
І орынды - Жарық ауылдық округі;
ІІ орынды - Жиренқопа ауылдық округі;
ІІІ орынды - Бестау ауылдық округі иеленсе,
30 жастан жоғары қатысқан командалар бойынша:
І орынды - Қобда ауылдық округі;
ІІ орынды - Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі;
ІІІ орынды - Қобда аудандық ауруханасы иеленді.
Жарыс соңында аудан әкімі Б.А.Кулов барша жеңімпаз командаларды мерекелерімен және марапаттарымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.