
Аудандық мәдениет үйінде шұғылалы көктемнің ең алғашқы мерекесі — Алғыс айту күніне орай "Мың алғыс" атты мерекелік іс шара өтті. Шара барысында аудан әкімі Б.А.Кулов достығы мен бірлігі жарасқан көп этносты аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ризашылығын білдірді. Ауданымыздың қоғамдық және рухани өміріне елеулі үлес қосқан ақсақалдарды "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" медалімен наградтап, бірқатар еңбек адамдарына алғыс хаттар табыстады. Абыз ағаларымыз аудан тұрғындарын бірлікке шақырып, бейбітшілікті қадір тұту жөнінде өнегелі сөздерін айтып, баталарын берді.
Ал аудан өнерпаздары Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен сәйкес келетін бүгінгі мерекенің идеологиялық мазмұнын жан-жақты ашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.