АУДАН ӘКІМІ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН БЕРДІ.

АУДАН ӘКІМІ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН БЕРДІ.

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Б.А.Кулов ауданымыздың 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған міндеттемелеріміз жөнінде тұрғындар алдында есеп беріп, кең көлемді ақпарат берді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.О.Елеусінова, облыстық мәслихат депутаттары А.А.Әмірғалиев, А.А.Садықов, Б.Қ.Жаншаева, "Парасат-Ғалым" қоғамдық ұйымының төрағасы К.Н.Ахметов қатысты.

Аудан тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, көкейтесті сауалдарын қойды. Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Барлық қойылған сұрақтар мен ұсыныстар арнайы іс-шаралар жоспарына енгізілді.