АУДАН ӘКІМІ И.БІЛТАБАНОВ АТЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ И.БІЛТАБАНОВ АТЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Бүгін, яғни 8 ақпанда Кеңес Одағының Батыры И.Білтабанов атындағы ауылдық округінде аудан әкімі Б.А.Кулов тұрғындар алдында өз есебін берді.

Таза ауызсу, көгілдір отын, ұялы байланыс, интернет мәселелелері толық шешілген И.Білтабанов ауылының мектеп ғимараты 2020 жылы күрделі жөндеуден өткізілсе, өткен 2021 жылы "Ең абаттандырылған ауыл" пилоттық жобасы негізінде ауылдық медпункт ғимараты салынып, ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, орталық көшесі асфальтталып, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды. Заманауи спорт алаңы мен балалар алаңы қолданысқа берілді. Ал биылғы 2022 жылы аудан орталығымен байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолы күрделі жөндеуден өткізілмек.

Жиын барысында ауданның ауылшаруашылық саласына үлес қосқан азаматтарға аудан басшысы "Елеулі еңбегі үшін" медалін табыстап, қоғамдық өмірге өз үлестерін қосып жүрген тұрғындарға алғыс хаттар табыстады.

Содан соң жеке қабылдау жүргізіп, туындаған сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптарын берді.