
Аудан әкімі Б.Кулов 7 ақпанда Бегалы, И.Құрманов атындағы ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысып, тұрғындар алдында аудан көлемінде 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде есеп берді.
Тұрғындар тарапынан Бегалы ауылына спорт алаңын салу, Бесқұдық ауылындағы бөгетті жөндеу және дәрігерлерге үстемеақы төлеу жөнінде қойылған сұрақтарға, жан-жақты жауаптарын берді.
Жиын соңында ауылшаруашылық саласының дамуына үлес қосқан азаматтарға "Елеулі еңбегі үшін" медалін, қоғамдық өмірге үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады. Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.