АУДАН ӘКІМІНІҢ ӨТЕК, ЖАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ӨТЕК, ЖАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТТІ

Аудан әкімі Б.А.Кулов Өтек, Жарық ауылдық округ тұрғындарына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін берді. Өтек ауылының тұрғындары медициналық пункт салу, ауылшаруашылық жерлерінің конкурсы төңірегінде, ал Жарық ауылдық округінің тұрғындары таза ауыз су, балаларға арналған ойын алаңын салу, жайылымды жерлердің көлемін арттыру, сонымен бірге екі округте де тұрғындар ұялы байланыс сапасын арттыру, көгілдір отын мәселесін шешу бойынша сұрақтарын көтерді.

Сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, назарға алынды. Сонымен бірге ауданымыздың қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтар алғыс хатқа ие болып, ауылшаруашылық саласының дамуына үлес қосқан азаматтарға аудан басшысы "Елеулі үлесі үшін" медалін табыстады.

Сапар барысында әлеуметтік нысандарды аралаған Болат Ахметұлы тұрғындарды сауалдары бойынша жеке қабылдап, туындаған мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.