
Аудан әкімі Б.Кулов тұрғындарымен тиімді кері байланыс орнату, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Сөгәлі ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған есебі бойынша ауылдық округ әкімін тыңдап, ауылдық округ тұрғындарының алдында жылдық есебін берді. Жиында ауыл тұрғындары толғандырған сауалдарын қойып, жайылымдық жерлердің көлемін арттыру, ветеринарлық-эпизоотиялық ахуал және Көк үй ауылына баратын жолды тегістеу бойынша мәселелерді көтерді. Аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, одан соң азаматтарды жеке қабылдады.
Одан соң Жиренқопа ауылдық округіне барып, ауыл әкімінің есебін тыңдап, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп, ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған міндеттер туралы ауыл тұрғындары алдында өз есебін берді. Жиренқопалықтар көгілдір отын, қоғамдық көлік қатынасы, балабақша, бөгет қажеттілігі, жайылым жерлер және әртүрлі әлеуметтік мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойды.
Тұрғындардың тарапынан көтерілген кейбір өзекті мәселелер қосымша зерделеуді, кейбіреулері қосымша уақытты қажет ететіндігі анық. Дегенмен қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, ауылдық округ әкіміне тиісті мекеме басшыларымен бірлесе отырып, көтерілген өзекті бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.