Жарқыра, жайна Жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ еліне!

Жарқыра, жайна Жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ еліне!

Аудан әкімі Б.А.Кулов жаңа жыл қарсаңында аудандық мәдениет үйінде өткен «Жарқыра, жайна Жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ еліне!» атты мерекелік шараға қатысты.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан келген құттықтаулар мен жаңа жылдық сыйлықтарды облыс, республика көлемінде жетістіктерге жетіп жүрген үздік, дарынды оқушыларға табыстап, жас өрендерге оқуда озат болып, ата-аналарының үмітін ақтап, еліміздің мақтаныштары болуларына тілегін білдірді.