
1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық мәдениет үйінде "Елбасы – ел бағы" атты салтанатты мерекелік шара өтті. Шара барысында аудан әкімі Болат Кулов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың егеменді Қазақстанның негізін, мемлекеттілігін нығайтудағы тарихи рөліне тоқталып, аудан тұрғандарын мерейлі мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, бұл күні ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталып, ауылшаруашылығы министрлігінің "Еңбек ардагері" медалі, "Ауылшаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісі, құрмет грамотасы және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІ, ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісі, облыс әкімінің алғыс хаты, "Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл" медалі өз иелерін тапты.
Ал ауданымыздың өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің көркін қыздырды.