Аудан әкімінің кубогі

Аудан әкімінің кубогі

22-24 маусым аралығында 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан аудан әкімінің кубогіне арналған облыстық ашық турнир өткен болатын. Тартысты додаға келген 8 команда жоғары дайындықпен келіп, кім мықтыны анықтады.

Нәтижесінде алаң иелері Қобда ауданының командасы І орынды жеңіп алып, кубокты иеленсе, ІІ, ІІІ орындарды Қандыағаш, Ырғыз командалары бөлісті.

Сонымен қатар "Үздік ойыншы" Жетегенов Амир (Қобда), "Үздік шабуылшы" Мизашев Бекзат (Ембі), "Үздік қорғаушы" Кустаев Медет (Қандыағаш), "Үздік қақпашы" Киікбай Ерасыл (Ырғыз) жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Аудан әкімі Б.Кулов турнирге қатысушы командаларға ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады!