Аудан әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгін аудан әкімі Б.Кулов ауданымыздың медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар соңғы бір жылда белең алған індетпен күресте де өз өмірлерін қатерге тігіп, батыл қажыр-қайрат көрсетіп, адам жанының жанашыры болып жүргені белгілі. Демек бүгінгі күннің батырлары ретінде қастерлі мамандық иелері - дәрігерлер қандай құрметке болса да лайық!

Сонымен қатар бұл күні ауданымыздың ардагер дәрігерлеріне де құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар жасалды.