«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы No181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурстың мақсаты - отбасы институтын нығайту, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. Бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурс үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық, екінші – өңірлік, үшінші – ұлттық.

Конкурсқа қатысуға өтінім құжаттар: 1) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқор-шылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі; 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі; 5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) балалардың, ата-аналар-дың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер; 7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); 8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 9) «Өнегелі отбасы»екенін дәлелдейтін әулеттің барлығының дастархан басында, табиғат аясында, қызметте, дәстүрлі іс-шара барысындағы т.б. қызықты фотосуреттері JPEG форматында; 10) Барлық құжат түрлі-түсті көшірмеде партфолио немесе кітапша түрінде тігілуі тиіс. Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. Құжаттар аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Конкурстың аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі болған отбасыларға бағалы сыйлықтар табысталады. Жеңімпаз отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, отбасылық фото-суреттері бейнеленген баннер аудан ортталығындағы орталық көшелерге ілінеді.