
Ауданымызға Ақтөбе медресе колледжі директорының орынбасары Б.Д.Нұрғалиев арнайы іс сапармен келді. Аудан әкімі Б.Куловтың төрағалығымен өткен жиын қорытындысында екіжақты меморандумға қол қойылды. Жиында Ақтөбе медресе колледжі арқылы білікті діни кадрларды даярлау, Қобда ауданы аумағында діни тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.