ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ораза айт мерекесі барша мұсылман қауымы үшін айтулы мереке. Ораза айт мерекесінде Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ауласына қобдалық жамағат көп жиылды. Айт намазының алдында Бас имам оразаның қасиеті жайлы уағыз айтты. Айт намазының алдында жиылған жамағатты Ораза айт мерекесімен аудан әкімі Болат Құлов құттықтады. Ол Ораза айының қайырым шапағатының көп төгіліп, жақсылыққа жетелейтін қасиетін атап, халықты ынтымақ пен ауызбіршілікке шақырды. Мешітте Ораза Айт мерекесі аясында аудандық «Шәріп молда» мешіті мен спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен жамағат арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.