
Аудан әкімі Б.Құлов Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен бастау алған «Дәрігерлерді ардақтайық» республикалық акциясы аясында Қобда аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдірді. Партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен кездесуде аудан тұрғындарының амандығы үшін індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлерге жұмыстарына табыс, дендеріне саулық тілеп, алғыс айтты.