Көпбалалы аналар қоныс тойын тойлады

Көпбалалы аналар қоныс тойын тойлады

Отбасы бақытының басты көрсеткіші - баспана десек қазір мемлекеттің басымдыққа ие бағыты халықтың тұрғын үймен қамтылуы. Қазір әлеуметтік қолдауды талап ететін отбасыларын қолдау жобалары аудан орталығынан өзге елді мекендерде де жүзеге асырыла бастады. Апта басында әлеуметтік осал топтарын қолдау  бағдарламасына сай үш отбасы қоныс тойын тойлады. Баспаналы болу бақытына ие болғандар ішінде Бесқұдық ауылының тұрғыны  Гүльмира Оспанова, Әлия ауылының тұрғындары Наталья Чибирева, Асылай Төлеуова бар. Қоныс тойын тойлап жатқан отбасыларының қуанышын аудан әкімі Болат Құлов бөлісті. Оларды құттықтап, дендеріне саулық, балаларының елге елеулі үлкен азамат болуын тіледі.

Үйлі болғандардың бәрі көпбалалы аналар.

Еңселі, кең, су, газ жүйесіне қосылған үйлердің әрбіріне республикалық бюджеттен 3 миллион теңгеден бөлінген. Енді тағы екі үйді Талдысай ауылынан сатып алу жоспарланып отыр. Биылғы жылы бұдан өзге Қобда ауылында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы екі қабатты үйлердің құрылысы аяқталып, 64 отбасы баспаналы болған еді.