Жауапты саяси науқанды өз деңгейінде ұйымдастыру референдум комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерінің бірлескен сауатты іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асырылады. Аудан әкімі Б.Куловтың төрағалығымен референдумды дайындауға және ұйымдастыруға жауапты мекемелер басшыларының қатысуымен жиын өткізіліп, міндеттер мен мақсаттар айқындалды.
Ауданда электораттық оқыту жалғасын табуда. Референдумды ұйымдастырушыларды оқытуға арналған көшпелі семинарлар Ақырап, Әлия, Қобда ауылдарында өткізілді. Қатысушылар ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының, Орталық сайлау комиссиясының қаулыларының талаптарын талқылап, референдум өткізу кезінде қатыса алатын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары және БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін пысықтады. Референдум комиссияларының мүшелері «2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда дауыс беру тәртібі» тақырыбындағы тренингке қатысып, тәжірибе алмасты.