Меню

Страницы

Статья

Учаскелік референдум комиссиялары қызметін бастады

Маңызды саяси науқан – Республикалық референдум ел тарихындағы атаулы оқиға.Тәуелсіздік жылдарында мемлекетімізде болған елеулі өзгерістер Ата заңымыз – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етіп отыр.Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформалардың бірі – ел Конституциясын заман талабына сәйкестендіру.

        Президент К.Тоқаевтың Жарлығымен Республикалық референдум жарияланды.Бүгінгі күні ауданымызда саяси шараға дайындық жұмыстары басталып кетті.Ауданның елді мекендеріндегі референдум учаскелері талапқа сай жабдықталды,  31 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады.

       Аудандық референдум комиссиясы учаскелік комиссия мүшелеріне арналған «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбындағы семинар-жиын өткізді.Жиын барысында аудандық комиссия төрағасы Ақшолпан Оразова «ҚР сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» заңдарының талаптарын, референдумды ұйымдастыру шараларын түсіндірді.Комиссия төрағасының орынбасары Ботагөз Отаралова және хатшысы Марина Қожабекова тізімдермен жүргізілетін жұмыс туралы, референдум құжаттарының формаларын рәсімдеу бойынша ақпараттар берді.Учаскелік референдум комиссияларының қызметін сауатты, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде  атқаруы – саяси науқанды өз деңгейінде өткізудің кепілі.Учаскелік референдум комиссияларын оқыту жұмысы жалғасын табады, жоспарда - көшпелі семинарлар өткізу.                                                                                                                                                     

                                                                                                                                  

                                                                                                                                  Талғат Қазиев

                                                                                                                                  «Qobda» газеті

Дата публикации
19 мая 2022
Дата обновления
19 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы