Достар! Біз ХҚО-ларда 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты алып тастадық. Жақын арада басқа да қызметтерді қағазсыз көрсетуге көшеміз.
Енді клиенттерге құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. Құжатыңызды аларда ХҚО операторына SMS-ті көрсетсеңіз болғаны.
Сондай-ақ, енді жұмыс барысында эко-қағазды пайдаланатын боламыз. Қолхаттар берілмейтін 8 қызметтің тізімін біздің gov4c_resmi телеграм-каналымыздан көре аласыздар.