Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері. 2020 жыл

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері

 

2020 жылы «Ақтөбе облыстық тексеру комиссиясы» ММ-мен Қобда ауданына қарасты 16 мемлекеттік мекемелерге жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 16 985 742,9 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 460 755,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

 1) қаржылық бұзушылықтар 158 440,6 мың теңге;

 2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 1 265 765,0 мың теңге;

 3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша 36 549,6 мың теңге;

 4) рәсімдік бұзушылықтар 92 (тоқсан екі)бірлік.

  1. Анықталған 158440,6 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1) «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің сарапшы мамандарының қортындысы бойынша құрылыс-монтаж және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалмаған жұмыстардың құны7636,4 мың теңгені құрады(«Ақтөбе обл. Қобда ауд., Қобда ауылындағы 4 қабатты жалгерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысы-2929,4 м.т.,Ақтөбе обл. Қобда ауд. Қобда ауылындағы үш екі қабатты сегіз пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы-776,9 м.т., Ақтөбе обл. Қобда ауд. Қобда ауылындағы А.Сулейменов атындағы орталық алаңға қосып абаттандыру-3930,1 м.т.);

2) Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағын бұза отырып, сомасы 2079,5 мың теңгеге қысқы уақытта жұмыстарды жүргізуді қиындатумен байланысты қосымша шығындар коэффициентін 8.04 – 06 – 2015 ҚР ҰДО-да көзделмеген әрлеу жұмыстары мен жабдықтарына қолдану фактілеріне жол берілді. (Жарсай негізгі мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары-187,0 м.т., Жаңаталап орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына-225,6 м.т., Жарық орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына-417,2 м.т., Бегалы орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына-1249,7 м.т.);

2) Нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақысынан, қосымша ақысынан және есептелген еңбек демалысынан артық негізсіз 2715,9 мың теңге төленген(«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ-184,9 м.т., «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-54,2 м.т., «Қобда аудандық білім бөлімі» ММ-368,0 м.т.,«Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-168,9 м.т., «Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ-40,4 м.т., «Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-221,8 м.т., «Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-33,4 м.т., «Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-1541,6 м.т., «Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-102,7 м.т.);

3) Мекемелер қызметкерлеріне жалпы сомасы 968,9 мың теңгеге артық, негізсіз іссапар шығындары төленген («Қобда аудандық білім бөлімі» ММ-50,0 м.т.,«Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-891,8 м.т.,«Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-20,3 м.т., «Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі "Нұр "балабақшасы» ММ-6,8 м.т.);

4) Республикалық трансферттер есебінен қалған жалпы сомасы 29918,1 мың теңге қаражатты республикалық бюджетке қайтарудың орнына негізсіз жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруға тиісті шығындарға (әлеуметтік салық, кәсіподақ жарнасы) жұмсалған («Қобда аудандық білім бөлімі» ММ);

5) Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының жалпы сомасы 580,3 мың теңге қамтамасыз ету сомалары 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты бойынша сұраныссыз бұрынғы кездерден келе жатырған кредиторлық берешек болып тіркеліп, Мекемелермен оларды жою бойынша ешқандай шаралар қабылданбаған («Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ);

6) Тұрғын үй қорынан үйлердi 78 жалдаушының жалпы қарызы 2626,1  мың теңгеге осы күнге дейін үйлерді жалдау құны мен өсім пұлдары бюджетке өндірілмеген және тиісті шаралары қабылданбаған(«Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ);

7) Жер учаскелерін сату бойынша ай сайынғы негізгі сомасымен және тұрақсыздық айыппұлдарымен қоса жалпы сомасы 166,4 мың теңгеге өндіру жұмыстары толық жүргізілмеген («Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ);

8) Қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне тұрмаған жеке кәсіпкерге негізсіз 246,4 мың теңге ҚҚС сомасы есептеліп, бюджет қаражаттары шығындалған («Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ);

9) Бюджетке қайтарылуы тиіс көтерме ақы бойынша 3 маман шарт міндеттерін толық орындамай барлығы 757,5 мың теңге берешек сомасын өтемеген («Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ).

12)  «Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»  РММ-мен уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтеріне тиісті түрде камералдық бақылау жүргізілмеу салдарынан барлығы 1447,8 мың теңгеге бюджетке есептеліп өндірілмеген (жеке табыс салығы 583,5 м.т., әлеуметтік салық сомасы 415,7 м.т., жер салығы 138,6 м.т., учаскелерін пайдаланғаны үшін салық сомасы 101,9 м.т., көлік салығы 208,1 м.т.).

13) Бюджеттік өтінімдерінде қарастырылмаған шығыстарға (ұялы байланыс операторы) жалпы сомасы 594,8 мың теңге негізсіз шығысталған («Қобда аудандық білім бөлімі»ММ-554,6 м.т., «Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-40,2 м.т.);

14) Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығындарға Мекеме ғимаратының баланстық құнын өсіру барысында барлығы 12299,1 мың теңге авторлық қадағалауға, техникалық қадағалауға, жобалық-сметалық құжаттама дайындауға және сараптама қортындысына жұмсалған шығындар ескерілмеген. Сондай-ақ күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу ретінде жүргізіліп, ғимараттың баланстық құны 7803,3 мың теңгеге өсірілмеген. («Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-111,4 м.т., «Қобда аудандық білім бөлімі»ММ-4384,4 м.т.,«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ-7803,3);

13) Жалпы сомасы 96403,4 мың теңгеге негізгі құралдар есепке алынбаған («Қобда аудандық білім бөлімі»ММ-94743,4 м.т., «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ-1600,0 м.т.,«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-60,0 м.т.,).

  1. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша жалпы сомасы 1265765,04 мың теңге:

1) «Қобда аудандық білім бөлімі» ММ-мен жалпы сомасы 1978,3 мың теңгеге негізгі құралдар алынып, осы кезге дейін пайдаланылмай, тиімді пайдалану принципы сақталмаған және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген («Жаңаталап мектеп-бақшасы» КММ-1680,0 м.т., «Жарсай негізгі мектебі» КММ-220,9 м.т., «А.Молдағұлова атындағы орта мектебі» КММ-38,7 м.т.,  «Қобда қазақ орта мектебі» КММ-гі 38,7 м.т.,);

2) Бюджет қаражаттарын жоспарлау кезінде нақты мәліметтер ескерілмей, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпаратты, тікелей және түпкілікті нәтижелер сипаттамасының дұрыстығы қамтамасыз етілмей жалпы сомасы 1252857,04 мың теңгегеБұлақ ауылынаа кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары бойынша бюджет қаражаттары тиімсіз пайдаланған;

3) «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің балансында тұрған электр желілерін ұстауға, оған техникалық қызмет көрсетуге жалпы сомасы 9176,7 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты тиімділік қағидаты сақталмай шығындалған болып есептеледі;

4) «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2005 жылы шығарылған, тозығы жеткен «Шевроле Нива 212300» маркалы автокөліктіктің жүріп тұруын қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы  1753,0  мың теңге  бюджет қаражаты тиімсіз шығындалған.

  1. Бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша жалпы сомасы 36 549,6 мың теңге:

1) «Қобда аудандық білім бөлімі» ММ бюджеттік өтінімде жасалмай, жоспарланбаған тауарлар сатып алу, бюджеттік өтінім жоспарлары мақсатты жұмсалмауы, тиімділік қағидаты сақталмауы, бюджеттік өтінімнің барлығы 953,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарланған;

2) «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен жоспарланған жалпы сомасы 35596,6 мың теңгеге іс-шаралар орындалмай, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған

  1. Рәсімдік бұзушылықтар бойынша:

«Қобда ауданы Әкімінің аппараты» ММ-сі

  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 үй мекен жайында орналасқан ғимаратына жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу қылып жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу ретінде жүргізілілген;
  • Орналасқан ғимаратын жөндеу бойынша жүргізілген шығындары, күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілуінің орынына ағымдағы шығыстарға бағытталған бюджеттік бағдарламалар арқылы жүргізілген;
  • Еңбек ақы бойынша дебиторлық берешектердің қалыптасуына жол берілген;
  • Баланстағы ғимараты және ғимарат орналасқан алаңы жер учаскесі бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Екінші қол қою құқығы болған қызметкерлер жұмыстан босатылған (жұмыстан шығарылған, басқа жұмысқа тағайындалған, ауыстырылған) кезде Мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жұмыстары жүргізілмеген;
  • Жанар жағармайды есептен шығару кезінде жол парақтары тиісті түрде толтырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден жасалған келісім шарттар веб-порталда бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Бейнебақылау құрылғыларын сатып алу және орнату бойынша конкурсында мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптары қойылуына жол берілген;
  • Бейнебақылау құрылғыларын сатып алу және орнату бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бұзушылық жолымен өткізілген;
  • Өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінбеген;

«Қобда аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

  • Жалпы сомасы 12202,3 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері жасалмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Өңірлерді дамыту "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен алынған несиенің мерзімі өткен мамандардан несиені қайтару жұмыстары жүргізілмеген;
  • Нысаналы индикатордың орындалуына қол жеткізілмеген, нәтижелілік және тиімділік - мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін таңдау барынша дұрыс (нәтижелі) болуға, ағымдағы ахуалды терең талдауға және қойылған нәтижелерге ресурстарды барынша аз жұмсай отырып қол жеткізу қажеттілігіне негізделуі тиістігі жөніндегі талаптары сақталмаған;
  • Аудан бюджетін қалыптастыру кезінде негізділік принципі сақталмай, бюджет жобасына енгізілуі қажет көлемдердің негізділігі айқындалмай, бюджеті бекітілген;
  • Аудан бюджетіне нақты түскен кейбір түсімдер, реалистік қағидаты сақталмай, бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеген;

«Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалары кешіктіріліп бекітілген және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қойылып келісілмеген;
  • Бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламасының түпкілікті нәтижесі ақшалай түрінде көрсетілген;
  • Бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелері өзара қайталанған;
  • Бюджеттік бағдарламалары өз ресми сайтына орналастырылмаған;
  • коммуналдық меншігінде тіркелген мүліктері мен активтерін тиімді пайдаланылуы, тисті түрде жұмыс жасалынуы, уақытылы қадағалауы жүргізілмеген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Жалпы сомасы 855132,6 мың теңге қаражатына бюджеттік өтінімдері жасалмай және ұсынылмай жоспарлау негізділігі сақталмаған;

«Қобда аудандық білім бөлімі» ММ

  • Мектеп ғимараттары мен жер учаскелері бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Қаржылық есебі жыл басындағы "Бас Журнал" кітабымен қалдықтар сомасының жазбаларына сәйкес келмейді, бұл бухгалтерлік есепті жүргізу талаптары бұзылған;
  • Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік білімі жоқ мұғалімдер жұмысқа қабылданып, еңбекақы есептелініп төленген;
  • Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жоғары педагогикалық білімі болғанымен, педагогикалық жұмыс өтілдері 3 жылға жетпейтіндігі қызметкерлерге еңбек ақы төленген;
  • Мектеп директоры және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарификациялық тізілімінде 1,0 ставкамен бекітілген және қосымша 0,5 ставкадан артық қосымша сағаттар бойынша сабақ жүргізіп, апталық жүктемесі күнделікті жұмыс уақытының нормасынан асырып еңбекақы төленген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар берілмей, мектеп ғимарттарында күрделі жөндеу жұмыстары басталған;
  • Бюджеттік бағдарламада тікелей көрсеткіштерінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамалары көрсетілмеген;

«Қобда аудандық сәулет, құрылыс, түкш, жк және аж бөлімі» ММ

  • Бас маманы (есепші) жұмыстан босатылған кезінде істерді тапсыру жұмыстары жүргізілмеген;
  • Балансында тіркелген 15 тұрғын үй мен жер учаскелерінің бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Бюджетті нақтылау (түзету) жасамай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізген және бір бұйрықты бірнеше рет веб-порталда орналастырған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жері болмай инвестициялық жоба (құрылыс-монтаж жұмыстары) жүзеге асырылған;
  • Балансында тұрған газ желілері, электр желілері мен электр трансформаторларын кепілге, мүлікті жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы жұмыстар тиісті деңгейде атқарылмаған;
  • Тас жолы бойындағы кемпинг (газбен жабдықтау объектілерін күтіп-ұстауға) бюджет қаражаты тиімділік қағидаты сақталмай, арнайы жеке субъектісінің өзінің иелігіне берілмегендіктен бюджет қаражаты қосымша шығындалған;
  • Қобда ауылындағы 4 қабатты жалгерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз және көгалдандырусыз) жұмысы бойынша техникалық қадағалау қызметтерін тиісті түрде орындамаған;

«Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ

  • Жалпы сомасы 198769,2 мың теңгеге жүргізілген шығындарға бюджеттік өтінімдері жасалмаған;
  • Бухгалтерлік есеп жүргізу қағитады сақталмай «Басты-журнал» кітабы жүргізілмеген;
  • Әр айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбек ақысының 100%-ы мөлшерінде аванс беріліп отырған;
  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Жанар жағар майды есептен шығару кезінде жол парақтары тиісті түрде толтырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға артығымен төленген немесе негізсіз төленген бюджетке қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілмеген;

«Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығы»  КММ

  • Жалпы сомасы 4286,1 мың теңгеге қосымша шығыстар есептемелері әзірленбеген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;

«Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Автокөлікті қаржылық балансында көрсетілмей қаржылық есеп бұрмаланып тапсырылған;
  • Бухгалтерлік есепті жүргізетін және қаржылық есептілікті жасайтын тұлғалар бірнеше рет ауысқанмен бухгалтерлік құжаттарына қабылдау-тапсыру актісі жасалмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;

«Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалары әзірленген және оған өзгерістер енгізілген кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бұйрықпен бекітілу және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісу рәсімдері жүргізілмеген;
  • Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) бекітілгеннен кейін бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған;
  • Материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғалармен толық жауапкершілігі туралы шарттар жасалмаған;
  • Балансындағы ғимарат орналасқан жер учаскесі бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;
  • Жанар жағар майды есептен шығару кезінде жол парақтары тиісті түрде толтырылмаған;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;
  • Бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей көрсеткіштерінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамалары көрсетілмеген;

«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

  • Жалпы сомасы 1330,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдер әзірленбеген;
  • Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемдер төлеу жүргізілген;
  • Пайда болған 2018 жыл аяғына дебиторлық берешек 210,9 мың теңге, бас журнал кітабында дұрыс көрсетілмей, қаржылық есеп бұрмалаушылықпен тапсырылған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

  • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалары әзірленбеген;
  • Жалпы сомасы 2189,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдер әзірленбеген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

  • Жалпы сомасы 7185,0 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдер әзірленбеген;
  • Жыл қорытындысы бойынша кредиторлық берешек бола тұра, қызметкерлерге сыйақы берілген;
  • Ай сайынғы есеп айырысу ведомостісі бекітілген нысанға сәйкес және қызметкерге берілген аванстың сомасы ай басындағы қалдық көрсетілмеген;
  • 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша барлығы 750,6 мың теңгеге аванстық (алдын ала) төлемдер жүргізілген;
  • Іссапар шығындары бойынша дебиторлық берешегі бар қызметкерге аванстар беріліп, дебиторлық берешегі ескерілмеген;
  • Тиісті бейіні бойынша арнайы спорттық кәсіптік білімі жоқ тұлғалар жаттықтырушы ретінде жұмысқа қабылданған;
  • Бухгалтер лауазымы «Бас бухгалтер» лауазымына бұзушылықпен бекітілген;
  • Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі «келісім бойынша» деп көрсетілген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

  • Жалпы сомасы 4434,7 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері әзірленбеген;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ

  • Жалпы сомасы 1046,2 мың теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдері әзірленбеген;
  • Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған келісім шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы есептері орналастырылмаған;
  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасы» КММ

  • Мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезінде, жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітілуіне жол берілген;

«Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ

  • Салық төлеушілердің жеке шоттарда жазбаларды жүргізудің уақыттылығы мен дұрыстығына камералдық бақылау жүргізілмеген;
  • Жеке тұлғаларға салынатын жер мүлік салығын жеке шоттарға отырғызу белгіленген мерзім 1 шілдеден кешіктіріліп жүргізілген.

IІІ. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында 119451,7 мың теңге сомасына жергілікті бюджет қаражаты өтелді және қалпына келтірілді, 26 факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдарға материалдарды беру бастамашылық етілді.

 

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы