Өткен жылдың мамыр айынан бастап көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы проактивті түрде тағайындалады. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 16 мыңға жуық қазақстандық жәрдемақыны проактивті форматта алды.
Бұған дейін аталған жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттар жинап, ХҚО-ға жүгіну қажет болатын. Қазір ешқайда барудың қажеті жоқ. Клиент SMS арқылы келісімін берсе болғаны. Қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.
Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленеді. Төлемді төрт және одан да көп бала туған әйелдер ала алады.
Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы алады. Оның ішінде 63 437 әйел «Алтын алқа», 138 571 әйел «Күміс алқа» иегерлері.
Жәрдемақы туралы 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.