Меню

Страницы

Статья

Ақтөбедегі мамандандырылған ХҚО-ның автодромы жаңартылады

Ақтөбедегі мамандандырылған ХҚО-ның автодромы жаңартылады

Магнитті датчиктердің ауыстырылуына және жаңа жүйенің орнатылуына байланысты, мамандандырылған ХҚО-ның автодромында практикалық емтихан қабылдау тоқтатылды.
"Облыс орталығындағы мамандандырылған ХҚО 2015 жылы іске қосылды. Осы уақытқа дейін автодромның техникалық жағдайы нашарлады. Автокөліктің маневрлері туралы ақпарат беретін ескі сенсорлары жиі істен шығып отырды. Өйткені емтихан тапсырушылар белгілерді қағып, бордюрлерді соғатын, бұл көліктің істен шығуына және автодром жұмысының тұралауына әкеп соғатын. Сондықтан біз сенсорларды ауыстырып, жаңа GPS жүйесін орнатқалы жатырмыз. Мұнда автокөліктің қозғалысы мен жол ережелерін сақтағаны туралы деректер ақпараттық жүйеге спутник арқылы берілетін болады. Жаңа жабдық іске қосылғанша, өңір тұрғындарын түсіністік білдіруін сұраймыз", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Дәрімбет Баймбетов.
Автодромның жұмыс істемеуіне байланысты практикалық емтихан уақытын өткізіп алған клиенттер үшін барлығы іске қосылғаннан кейін емтиханды қайтара тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтар айында қаламыздың мамандандырылған ХҚО-да 1905 адам жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірді. Олардың 1470-і «теориядан» өте алмай, 333-і практикалық емтиханды тапсыра алмады. Тек 174 адам екі емтиханнан да сәтті өтіп, жүргізуші куәлігін алды.

Дата публикации
24 февраля 2022
Дата обновления
24 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы