Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күніне орай ауданда «Ашық есік күндері», конференция, кездесулер, сынып сағаттары өткізілді.

        «Ашық есік күндері» аясында аумақтық сайлау комиссиясы, мектептерде  учаскелік сайлау комиссиялары оқушылар мен жастарды қабылдап, сайлаудың тарихы, Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі, сайлау комиссияларының қызметі туралы мәлімет беріп, сайлау заңнамаларымен  таныстырды.

         Аудандық кітапханада ұйымдастырылған «Сайлау және сайлану  бостандықтары» тақырыбындағы кездесуде жастарға  азаматтық қоғамдағы  сайлаудың орыны, мақсаты, сайлау жүйесі туралы сайлау комиссияларының тәжірибелі төрағалары мен мүшелері  баяндап берді.

         Қобда қазақ  орта мектебінде өткен «Сайлау тарихы және ҚР сайлау жүйесі» тақырыбындағы конференцияда сайлау тарихы мен жүйесі бойынша баяндама оқылып, сайлауды ұйымдастыруға қажетті жабдықтар мен көрнекі құралдар  көрсетілді. Сондай-ақ,   Қобда қазақ орта ментебіндегі «Мектеп Президентін сайлау тәжірибесінен»  тақырыбындағы кездесуде мектеп Президентін  сайлау жүйесі  туралы пікір алмасу  өтті.

        Аудан мектептерінде  өткен «Азаматтардың сайлау және сайлану бостандығы» атты сынып сағаттарында  оқушыларға азаматтық қоғам, сайлау институты, сайлау  және сайлану мүмкіндіктері  жөнінде мағлұматтар беріліп,  пікірталас  өткізілді.

        Шаралар  шеңберінде тақырыптық  кітап көрмелері  ұйымдастырылдып, видеороликтер мен слайдтар көрсетілді.

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы