Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық портфельді басқарушылар

БЖЗҚ салымшылары (алушылары) жинақтардың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін өздері таңдаған басқарушы компанияларға аудара алады және оларға өз жинақтарын инвестициялық басқаруды сеніп тапсыра алады. Қалған зейнетақы жинақтары ҚР Ұлттық Банкінің басқаруында болады. Нені білу керек?

✅ Аударым сомасы салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауы тиіс;

✅ Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударға болады, бұл ретте жинақтарды бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға жылына көп дегенде бір реет қана беруге болады;

✅ Аударымға өтінішті Қор бөлімшелерінде немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинете беруге болады;

✅ Жинақтарды ИПБ-ға аудару өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады;

✅ Мәлімделген соманы ИПБ-ға аударған сәтке дейін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинете немесе Қор бөлімшесіне барып, берілген өтініштің күшін жоюға болады;

✅ ИПБ инвестицияларды басқару үшін ақы алуға құқылы. ИПБ үшін сыйақының ең көп мөлшері инвестициялық кірістің 7,5% аспауы керек;

✅ ИПБ-да сенімгерлікпен сақталған зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруына ИПБ-ға алғашқы аударудан кейін екі жылдан ерте емес мерзімде қайтаруға болады;

✅ Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету кепілдемесімен ауыстырылады;

✅ Cалымшы зейнет жасына толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын салымшының жинақталған зейнетақы қаражаты Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

❗ enpf.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінде толық ақпарат жарияланған.

Дата публикации
15 сентября 2021
Дата обновления
15 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы