Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік қорғау

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында 2020 жылы 107 отбасындағы  529 адамға   28,2 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.

       Төтенше жағдай кезінде (наурыз-тамыз айлары аралығында) осал топтарға жататын 4772 азаматқа қаржылай түрде  38,8 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

        Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде 4435 уақытша жұмыссыз қалған  азаматтарға 42500 теңгеден жалпы соммасы 381,4 млн. теңге  әлеуметтік көмек төленді.

        Өмірлік қиын жағдайларға тап болған, айлық табысы күнкөріс деңгейінен төмен 24 отбасыға  жалпы соммасы 3,3 млн. теңгені құрайтын 140 мың теңгенің   көмегі берілді.

 

Республикалық «БІЗ БІРГЕМІЗ» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен 521 отбасыға 5,7 млн теңгеге азық-түлік, 2740 дана медициналық маска және тұрмыстық тауарлар түрінде қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Індет кезінде ауданымыздың шаруа қожалықтарының басшылары да кең пейілдік танытып, 261 азқамтылған отбасыға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы отбасыларға 1,5 тоннаға жуық тегін ет таратылды.

Аудан орталығында  І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше жағдайды қажет ететін балаларға «Инватакси» қызметі жұмысын бастады.

Дата публикации
09 сентября 2021
Дата обновления
09 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы