Меню

Страницы

Статья

Біз ең қажетті анықтамаларды ХҚО-ға жүгінбей-ақ, Egov порталы арқылы алуды үйреніп қалдық.

Біз ең қажетті анықтамаларды ХҚО-ға жүгінбей-ақ, Egov порталы арқылы алуды үйреніп қалдық. Бірақ ноутбук немесе компьютер болмағанда не істеуге болады? EgovKzBot2.0 телеграм-боты осыған ұқсас жағдайлар үшін құрылған. Оның көмегімен сіз смартфон арқылы қажетті анықтамаларды ала аласыз. Қазір телеграм-бот арқылы 30-дан астам мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді – сотталмағандығы туралы анықтама, тіркеу туралы ақпарат, айыппұлдарды тексеру, зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме және басқалар. Сондай-ақ бот арқылы ХҚО-ға кезекке тұруға болады.
Ботты пайдалана бастау үшін смартфонға Telegram мессенджерін орнатыңыз және іздеу жолында @Kenes1414Bot деп енгізіңіз. Бот қызметтерін пайдалану үшін Сіз азаматтардың мобильді базасында тіркеліп, нөміріңізді ЖСН-мен байланыстыруыңыз керек. Содан кейін "старт" батырмасын басып, қажетті қызметті табыңыз.
Білген маңызды!
* Егер SMS-код алу бойынша қиындықтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласыңыз және ұялы телефоныңызды ауыстырғаныңыз туралы операторға хабарлаңыз.
* Телеграм-Ботта жаңа қызмет пайда болған кезде оны пайдалану үшін ботты қайта жаңарту қажет. Бұл мәзірдің "Тарихты тазарту" тармағын пайдаланып, содан кейін "Бастау"түймесін басу арқылы жасалады.
Телеграм-Боттың навигациясы ыңғайлы және түсінікті, анықтамаларды кез келген жерден алыңыз!

Дата публикации
26 августа 2021
Дата обновления
26 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы