Меню

Страницы

Статья

Ауданда әкімдер сайланды және тағайындалды

Ауданда әкімдер сайланды және тағайындалды

2021 жылғы 25 шілдеде өткен ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде ауылдық округтердің әкімдерін тіркеді: Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы - Талдысай ауылдық округінің әкімі болып (сайлауға қатысқан сайлаушылар  дауыстарының 84,9%), Клютов Асылбек Қуанбайұлы - Терісаққан ауылдық округінің әкімі(82,8%), Байгелдинова Роза Түлкібайқызы - Жарсай ауылдық округінің әкімі (82,4%), Әмірғалиев Қайырбек Жұмабекұлы – И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі (78,5%), Өтегенов Есенғали Байзолұлы – Сарбұлақ  ауылдық округінің әкімі (73,8%) болып сайланды.

Аудан әкімі Б.Құлов және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Оразова алғаш рет әкімдердің тікелей сайлауы ұйымдастырылған  ауылдық  округтерге барып, тұрғындармен кездесті.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушыларды сайлау қорытындыларымен таныстырып, сайланған әкімдерге куәліктерін табыс етті.

Аудан әкімі Б.Құлов өз өкімімен ауылдық округ әкімдерін тағайындап, оларға округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарына табыс тіледі.

Ауылдық округтер әкімдері өз сайлаушыларына сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмысты  үлкен жауапкершілікпен атқаратынына сендірді.

Дата публикации
29 июля 2021
Дата обновления
29 июля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы