Қобда ауданының 2021 жылдың қаңтар-маусым айына әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері.
Бюджет.
Барлық салықтар бойынша есептік кезеңге 521,1 млн.тг. жиналды (152,8%), оның ішінде жергілікті бюджетке 455,7 млн.тг. түсті, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 122,8%, немесе 84,8 млн.тг. артық орындалды.
Аудан бюджетінің игерілуі 100%.
2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 148,1 мың теңгені құрады, өткен жылдың тиісті деңгейіне қарағанда өсу қарқыны 115,7% құрайды.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Есепті мерзімде 924 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде тұрақты – 280, уақытша – 644 орын.
Қобда көпсалалы колледжі жанындағы қысқа мерзімді оқуға 68 адам жіберілді (аспазшы, тігінші, шаштараз, электр-газбен дәнекерлеуші, санитар - ветеринар, қазандық операторы, тракторшы).
Жұмысқа орналастыруға бағытталған Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 281 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 166 адам тартылды, 23 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. «Жасыл ел» бағдарламасына 226 жас қатысты. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 97 азамат оқытылып, сертификат алды. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мақсатында 19 азамат 73,0 млн. теңгеге шағын несие алды. Бүгінгі күні аудан бойынша жұмыссыз ретінде 259 азамат тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 2,8 %-ды құрап отыр.
Инвестиция.
Аудан экономикасына 2476,2 млн.тг. инвестиция тартылды, оның ішінде бюджеттік қаражат 807,9 млн.тг., меншікті қаражат 1005,1 млн.тг. , басқа да қарыз қаражаттары 663,0 млн.тг. Инвестиция көлемі өткен жылдың кезеңінен 116,8% артты.
Шаруашылық құрылымдардан ауыл шаруашылық саласына 1023,4 млн. тг. инвестиция тартылды. Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 500-ден астам асыл тұқымды ІҚМ, 32 бірлік техника (5 дана "JohnDeere" заманауи кешендерін және 6 дана "Lovol" және ауыл шаруашылығы жабдықтары) сатып алды.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 10 526,5 млн.теңге, оның ішінде мал шаруашылығы 10 482,0 млн.тг. (104,7%.), өсімдік шаруашылығы 0,8 млн.тг. (100%.), өсу қарқыны 104,7%. Есепті мерзімге 5 685,0 тонна ет (106,0%), 18 413,1 тн.сүт (103,7%) өндірілді, 5 028,0 мың дана (103,8%) тауық жұмыртқасы алынды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне шаруашылықтардың барлық санаттарында 57,5 мың бас ІҚМ (өсім 119,0%), 150,0 мың бас қой мен ешкі (өсім 118,1%), 21,5 мың бас жылқы (өсім 141,1%) бар.
Есепті жылы аудан бойынша егіс алқабы 14500 га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 8280 га алқапта егілді, оның ішінде 3260 га бидай, 4880 га арпа, 140 га тары; майлы дақылдар: 3650 га мақсары, 2060 га жем-шөп, 210 га картоп, 180 га көкөніс, 120 бақша дақылдары.
Өнеркәсіп.
Есептік кезеңге 1033,2 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі салаларында – 915,5 млн.тг. (93,4%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптауда – 96,1 млн.тг. (104,9%), сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 21,6 млн.тг. (99,6%) өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 94,7 % құрады.
Кәсіпкерлік саласы.
Ауданда 1411 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 1380 бірлігі немесе 97,8 % белсенді болып табылады.
"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 19 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 41,7 млн.теңгеге несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетілді.
Бөлшек сауда және баға.
Сауда көлемі – 1381,3 млн.теңге құрады, 2020 жылға өсім 101,0 %.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасың тұрақтандыру мақсатында бөлшек сауда кәсіпорындары және жергілікті тауар өндірушілер арасында меморандум жасалды, сонымен қатар апта сайын мониторинг жүргізіледі.
Құрылыс.
Құрылыс қызметінің көрсеткіші – 1305,7 млн.теңге, немесе 2020 жылға өсім 105,6%.
Пайдалануға берілген 33 үйдің жалпы алаңы 3766 шаршы метр, нақты көлемінің индексі 106,3 %.
Инфрақұрылым
Халықтың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 80,7% - ды, орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілуі 58,9% - ды құрайды.
Ауданның барлық автомобиль жолдарының ұзындығы – 399,1 км, оның ішінде облыстық маңызы бар 196 км және аудандық маңызы бар 203,1 км.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 38,7% немесе 78,8 км.
Білім беру
Ауданда 25 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 16 орта, 7 негізгі, 2 бастауыш мектеп бар.
Барлығы 27 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 99,8% құрайды.
2020-2021 оқу жылында ҰБТ-ға 139 түлектің 127-сі қатысты. ҰБТ-ға қатысушылардың 11 оқушысы 100-ден астам балл жинады, бұл 8,7% - ды құрайды.
Денсаулық сақтау
Аудан тұрғындарына аудандық орталық аурухана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 дәрігерлік амбулатория және 17 медициналық пункт медициналық көмекті көрсетеді.
Есепті кезеңде 131 бала дүниеге келді (өсім 9,2%), табиғи өсім 70 адамды құрады (өсім 4,5%). Ана өлімі тіркелген жоқ. Нәрестелер өлімінің көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 15,2 жағдайды құрады.
Мәдениет
Қобда ауданы бойынша барлығы 44 мәдениет ошағы жұмыс жасайды, оның ішінде: 23 ауылдық клуб және 21 кітапхана.
Ауданда халық атағына ие болған 4 топ бар: "Қарлығаш" би ансамблі, "Гүл-М-Жан" халықтық вокал тобы, "Айқаракөз" әжелердің вокал ансамблі және "Сынтас" халықтық жастар театры.
Есептік кезеңде 942-ден астам іс-шара өткізді, оның ішінде 416-онлайн режимде. Оның ішінде, атаулы күндерге арналған іс-шаралар-Ә.Молдағұлованы еске алу кеші, "Әлия ерлігіне бас иеміз" библиодесанты, М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Шаттанайық" шығармашылық концерті.
Аудандық «Балдәурен-2021» балалар шығармашылығы, «Жасдәурен-2021» байқаулары, «Отанымыздың алтын діңгегі- Отбасы» Есмурзиндер «халықтық» отбасылық ансамблінің онлайн- концерті, облыстық «Ғажайып балалық» балалар би байқауы, «Ана әлдиі» аудандық байқауы, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Батырлар рухы» атты облыстық ән байқауы өткізілді.
И.Таймановтың 230 жылдығына орай «Міңгені Исатайдың Ақтабан –ай!» онлайн сұхбат; Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Өнер – білім бар жұрттар» атты мәнерлеп өлең оқудан республикалық онлайн байқауы; «Мен Отанымды сүйемін» ерекше жағдайды қажет ететін балалар арасында аудандық сурет байқауы ұйымдастырылды.
Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттау, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы өткізілді. Ағымдағы жылы байқауға 11 отбасы қатысты ( 2015 жылдан бері барлығы 105 отбасы қатысты). Байқау қорытындысы бойынша 2 отбасы (Үдербаев, Сатиев) облыстық байқауға жолдама алды.
Спорт
Ауданда дене шынықтыру және спортпен 6212 адам айналысады, бұл аудан халқының 34,0% құрайды. Бүгінде аудан бойынша спорт залдары мен бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Спорт залдарының жалпы ауданы – 1914 м2, бассейн - 436 м2. Спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілу 113,1% - ды құрайды.
Есепті жылы 2,5 мыңға жуық адамды қамтитын 32 спорттық іс-шара өткізілді. Соның ішінде "Ақ бидай" ауылдық ойындарына 500-ден астам ауыл тұрғыны қатысты. Шағын футбол, стритбол , волейбол, шаңғы және хоккей турнирлеріне барлық жастағы 1000-нан астам тұрғын қатысты.
|
№ |
Көрсеткіштер |
2020 ж. қаңтар-маусым |
2021 ж. қаңтар-маусым |
НКИ, % |
|
Негізгі макрокөрсеткіштер |
||||
|
1 |
Өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі, млн.теңге |
756,5 |
1033,2 |
94,7 |
|
2 |
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге |
8422,2 |
10526,5 |
104,7 |
|
3 |
Құрылыс жұмыстары көлемі, млн.теңге |
1222,2 |
1305,7 |
105,6 |
|
4 |
Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн.теңге |
2070,6 |
2476,2 |
116,8 |
|
5 |
Тұрғын үйлердің іске қосылуы, шаршы метр |
3543 |
3766 |
106,3 |
|
6 |
Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны, бірлік |
1293 |
1411 |
109,1 |
|
7 |
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны, бірлік |
1259 |
1380 |
109,6 |
|
8 |
Бөлшек сауда көлемі, млн.теңге |
1260,5 |
1381,3 |
101,0 |
|
9 |
Ашылған жаңа жұмыс орындары |
348 |
924 |
3 есе |
|
10 |
Орташа айлық жалақы,теңге |
128 074 |
148 182 |
115,7 |
|
11 |
Өндірілген ет, тонна |
5 363,1 |
5 685,0 |
106,0 |
|
12 |
Сауылған сүт, тонна |
17 761,3 |
18 413,1 |
103,7 |
|
13 |
Алынған тауық жұмыртқасы, мың дана |
4 845,6 |
5 028,0 |
103,8 |
|
14 |
Ірі-қара мал, бас |
48 386 |
57 589 |
119,0 |
|
15 |
Қой,бас |
112 782 |
136 128 |
120,7 |
|
16 |
Ешкі, бас |
14 254 |
13 843 |
97,1 |
|
17 |
Жылқы, бас |
15 239 |
21 501 |
141,1 |
|
18 |
Шошқа, бас |
247 |
131 |
53,0 |
|
19 |
Құс, бас |
65 125 |
74 270 |
114,0 |
|
Аудан бюджеті |
2020 ж. қаңтар-маусым |
2021 ж. қаңтар-маусым |
қарқын, % |
|
|
20 |
Жергілікті бюджетке кірістердің түсуі, млн.теңге |
370,9 |
455,7 |
122,8 |
|
21 |
Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы, пайыз |
99,9 |
100 |
100 |