Меню

Страницы

Статья

Семинардың мақсаты-сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсібилігін арттыру

Демократиялық басқаруға бет бұрған еліміздің қоғамдық өмірінде сайлау үдерістерінің маңызы айрықша. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса бір маңызды оқиғаны ұйымдастыруға жауапты сайлау комиссиялары мүшелерінің заңнамалық тұрғыдан сауаттылығы да үлкен маңызға ие. Сайлау үдерістеріндегі заңнамалық өзгерістер, комиссия мүшелерінің құқығы, сайлаушылармен қарым-қатынас Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырған семинар-жиынның өзегі болды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ақшолпан Оразова төрағалық еткен жиынға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері құрамдары қатысты. Комиссия мүшелерінің сайлаушылармен, сенімді өкілдермен, байқаушылармен қарым-қатынасын дамыту, түрлі даулы жағдайларда өзін  қалай ұстау бойынша нұсқаулар түсіндірілді. Елімізде бірінші рет өтейін деп тұрған ауылдық округтердің әкімдерін халықтың тікелей сайлауын ұйымдастыруға қатысты сайлау заңнамаларындағы өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Сайлауды ұйымдастырушылардың кәсібилігін жоғарылатуды көздеген жиында нормативтік актілерге, байқаушыларды орналастыруға қатысты сауалдар қойылып, жауаптары берілді  

Дата публикации
16 июля 2021
Дата обновления
16 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы