Меню

Страницы

Статья

Әкімдер сайлауына қалай қатысуға болады?

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі үстіміздегі жылғы басты өзгеріс - ауылдық округ әкімдерін сайлау болса, біздің ауданда да бірнеше ауыл әкімі сайлауға түседі.Осы күні білімі жоғары елі үшін еңбек өткісі келетін азаматтар әкім боп елге қызмет еткісі келсе,не істеу керек?

Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар не туралы? Осы және азаматтардың сайлау құқығына байланысты басқа да сұрақтар  бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Оразовамен сұхбаттасқан болатынбыз.

 

-Ақшолпан Ахмадиқызы! Қазақстан Республикасында  азаматтардың сайлау және сайлану құқығы қандай заңдармен реттеледі?

-Сайлау мемлекеттік биліктің заңдылығын қамтамасыз етудің ажырамас тетігі болып табылады. Қазақстан Республикасының 1995жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі - халық екенін анықтады. Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.

-Демократиялық сайлау дегеніміз не?

-Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, Оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді.

-Сайлауға кім қатыса алады? Сайлауға және сайлануға кімдердің  қатысуға құқы жоқ?

-Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді.

Сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқы жоқ.

-Елімізде  сайлау  қалай жүзеге асырылады?

-Конституцияның және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң үнемі жетілдіріліп, түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үдерісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артады.

-Биылғы жылы сайлау бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы баяндап берсеңіз.

-Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» халыққа Жолдауында «Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек.Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын»,-деп атап көрсетіп, 2021жылдан бастап  ауылдық округтер әкімдерін тікелей  сайлауды тапсырған болатын.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойды.

Саяси партиялардың ҚР Парламенті Мәжілісіне өту шегі 7пайыздан 5 пайызға төмендетілді.

Сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын»  бағаны енгізілді.

Сонымен қатар сайлау туралы заңнама нормалары   Мемлекеттік қызмет және Құқықтық актілер туралы заңдардың нормаларымен сәйкестендірілді.

Ауылдық округ әкімінің өкілеттілігін тоқтату тәртібі  анықталды.

Арнайы тексерістер жүргізу мәселесі де қаралған.

Заңнамаларға енгізілген өзгерістерге сай ауыл әкімдерінің сайлауы тікелей өткізілетін болады, оларды ауылдық округтер аумағында  тұратын сайлаушылар  сайлайды. Сайлауды жаңа форматта өткізу халықтың  азаматтық белсенділігін  көтереді. Аумақтық комиссияға  ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру өкілеттілігі берілген.

Сайлауды ұйымдастыру барысында басшылыққа алынатын 11 нормативтік-құқықтық актіге де өзгерістер енгізілді.

Ауылдық округ әкімі лауазымына кандидаттарға  қойылатын талаптар  белгіленді.

-Ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды  кім ұсынады?

- Альтернативтік принцип – кез келген сайлаудың қағидаты.

Кандидаттарды ұсыну 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады:

  1. Саяси партиялар өз партиясының мүшесін ұсынады;
  2. Азаматтар өзін өзі ұсынады;
  3. Екі кандидаттан кем болған жағдайда аудан әкімі кандидат ұсынады.

Кандидаттарды ұсынатын партиялардың өкілеттіліктері  кеңейтілді.

Тікелей  сайлауды енгізу  - жыл бойы үздіксіз өткізілетін сайлау процесіне енуді білдіреді.

-Ауылдық округтер әкімдері сайлауын өткізуге дайындық жұмыстары басталды ма?

-Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына аумақтық сайлау комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесте әкімдердің тікелей сайлауын өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, науқанды қаржыландыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды. Мәселелер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қаралды.

Іс-шара барысында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев сайлау жүйесінің және сайлауды ұйымдастыруға тартылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдында тұрған үлкен міндет – сайлау рәсімдерін мүлтіксіз сақтап, сайлауды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету туралы баяндады. Ол мұның барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерінен құзыреттілікті, жұмыстарының үйлесімділігін ерекше талап ететінін атап өтті.

Сайлау процесіне қатысушылардың, мемлекеттік қызметшілердің сайлау-құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырудың ауқымдылығы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтық қоғам институттарының қызметін жандандыру және азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын кеңейту арқылы қоғамды жаңғыртудағы маңызды рөліне негізделген.

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің жаңартылған құрамының бірінші сессиясының  ашылуында сөйлеген сөзінде нақ осы мақсаттарды мемлекеттің алдына қойды.

-Ауданда ауылдық округтер әкімдері сайлауын өткізу туралы айтып берсеңіз.

         -Аудан бойынша биылғы жылы 2017 жылы сайланған  5ауылдық округ әкімінің өкілеттілігі аяқталып, сайлау  өткізіледі.  Сайлауды 8учаскелік сайлау комиссиясы  ұйымдастырады. Сайлау науқанына аудандық комиссия мүшелері, 40 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері қатысады. Аталған ауылдық округтерде тұратын  жалпы халықтың  саны – 4357, әкімдерді  сайлауға қатысатын сайлаушылар саны  - 2357. Дауыс беру орындарын жабдықтау Орталық сайлау комиссиясы Қаулысы талаптарына   сәйкес ұйымдастырылады. Аудандық аумақтық  комиссиясы сайлауды тағайындайды, сайлау  қорытындыларын шығарады.

      Сайлауға дайындық және өткізу барысында БАҚ, азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыс орнатылады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссиялары ауылдық округтер әкімдері  сайлауын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге бар күш-жігерін  жұмсайды  деп сенемін.

      -Ақшолпан Ахмадиқызы, сайлау мәселелері бойынша берген сұхбатыңыз үшін ризашылығымды білдіремін! Ауданымызда ауылдық округтер әкімдері  сайлауы ауызбіршілікпен, жоғары  деңгейде өтуіне тілектеспін!

Дата публикации
14 июля 2021
Дата обновления
14 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы