Аудандық сайлау комиссиясына Сарбұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттықа «Ауыл» партиясы ұсынған 1 кандидаттың, Жарсай ауылдық округіне «Ақжол» партиясынан 1 кандидаттың және «Ауыл» партиясы ұсынған 1 кандидаттың, Талдысай ауылдық округі әкіміне кандидаттыққа «Қазақстан Халық партиясынан» 1 кандидаттың, Терісаққан ауылдық округі әкіміне өзі-өзін ұсынған 1 кандидаттың, құжаттары келіп түсті. Кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігі анықталуда.