Аудандық сайлау комиссиясына И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкіміне «Ауыл» партиясы ұсынған 1 кандидаттың және өзі-өзін ұсынған 1 кандидаттың,Терісаққан және Талдысай ауылдық округі әкіміне кандидаттыққа «Ақжол» партиясынан 2 кандидаттың құжаттары келіп түсті. Кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігі анықталуда.