Меню

Страницы

Статья

Ақпарат

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" және "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңдардың күшін жоюға, сондай-ақ 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу бағдарламаларының заңнамалық актілер тізбесіне келесідей өзгерістер енгізіледі:

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеудің I және II бағдарламалары: "Әкімшілік рәсімдер туралы" және "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңдарды білуге сұрақтардың орнына заңнаманы білуге арналған тест енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтарды қамтитын болады;

III мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасы: "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңды білуге арналған сұрақтардың орнына заңнаманы білуге арналған тест енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтарды қамтитын болады;

I құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу бағдарламасы: "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңды білуге арналған сұрақтардың орнына заңнаманы білуге арналған тест енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтарды қамтитын болады;

Өзге бағдарламалар өзгертуге жатпайды.

Жоғарыда аталған өзгерістер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы