Меню

Страницы

Статья

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтарсмартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады.

QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады.
«Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», - деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Азаматтар ХҚО-да мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады.
Енді азаматтар қандай бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерденQR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.

Дата публикации
15 марта 2021
Дата обновления
15 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы