Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-ныңуәкілетті операторлармен өзара іс-қимылы туралы келісімдерге қол қойылды

Заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылардың уәкілетті оператордың интернет-ресурсында электрондық өтініштерді толтыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті операторларға жүгінетіні көзделген.

Өз өтінішінде салымшы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және мақсатты пайдалануға жіберілетін қолжетімді соманы көрсетеді. Уәкілетті оператор салымшылардың өтініштерін қарап, оларды мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін Қордан уәкілетті операторда ашылған салымшылардың арнайы шоттарына аудару бойынша БЖЗҚ-менөзара іс-қимылдар жүргізіп, біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жасайды.

БЖЗҚ мен уәкілетті операторлар арасындағы өзара іс-қимыл электрондық ақпарат алмасу арқылы және өзара іс-қимыл туралы тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасады.

Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, Келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.

БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерінің біріктірілуі «электрондық үкімет» веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
05 февраля 2021
Дата обновления
05 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы