Қобда ауданында жергілікті атқарушы органдар және оларға бағынысты ұйымдарын қоса есептегенде барлығы 68 мемлекеттік қызмет көрсетуші мекеме, оның ішінде: 8 аудандық бөлім, 16 ауылдық округ әкімі аппараты, 25 мектеп, 15 мектепке дейінгі ұйым (бала-бақша), Өнер мектебі, оқушылар үйі, Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, жұмыспен қамту орталығы бар.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 86 түрі көрсетіледі.
Аудан бойынша 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелермен барлығы 7100 қызмет көрсетілді.
Олардың ішінде: жергілікті орган арқылы қағаз түрінде – 139, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 1765, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 1145, электронды үкіметтің порталы арқылы – 4051 қызмет көрсетілді.
Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 57 % құрайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мақсатында қызмет көрсетуші мекемелерге ішкі бақылау жүргізіледі. Осы жылдың 12 айында жоспар бойынша 52 мекемеге ішкі бақылау жүргізілді.
Жалпы қызмет көрсету мерзімін бұзудың 5 фактісі болды.
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу» мемлекеттік қызметінің (1 өтініш) мерзімін бұзып көрсеткені үшін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Абилкалиеваға ескерту берілді.
«Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметтерінің (4 өтініш) мерзімдерін бұзып көрсеткендігі анықталды. Бұзушылыққа жол берген мекеме басшысы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер мен ұйымдардың ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз кіріп-шығуы үшін пандусы бар кіреберіспен, қоңырау батырмасы, зағип жандарға арналған белгілермен жабдықталған, арнайы автотұрақтар бар. Келушілерге арналған күту залдары отырғыштармен жеткілікті қамтылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы аудандық Қобда газетіне (21 мақала) және аудан әкімдігінің ресми сайтында (2 мақала), аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде (фейсбук, инстаграм) 11 ақпараттық хабарламалар жарияланды. Мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында елді-мекендерде 10 баннер ілінді. Аудандық бөлімдердің ұйымдастыруымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Қобда аудандық бөлімінің мамандарының қатысуымен 1 рет семинар-кеңестер өткізіліп, 7 адамды қамтылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары 6 рет азаматтарды қабылдау жүргізіп, 39 тұрғынның мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұрақтарына жауап берді. 2020 жылдың 12 айда барлығы 51 іс-шара ұйымдастырылып, 1687 адам қамтылды.
Осымен бірге, мекемелерде басшылардың ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапы мамандарға құқықтық оқыту жұмыстары жүргізілді. Өткен кезеңде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
Аудан жұртшылығына қолайлы болу үшін 1 сервистік әкімдік, 47 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, жұмыс жасауда.