2021-2023 жылдарға арналған Қобда аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің азаматтық бюджеті
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 6 (Мәслихат хатшысы -1, Аппарат басшысы - 1, бөлім басшысы - 1, бас маман – 2, жетекші маман – 1).
Штаттан тыс қызметшілер саны – 1 (қызметтік автокөлік жүргізушісі).
Қобда аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған бюджеті Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» №394 шешіміне сәйкес бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.
|
№ |
Шығындардың атауы |
ББӘ коды |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
112001 |
19000,0 |
|