Қазақстан мен Әзербайжан зейнетақымен қамсыздандыру саласында өзара ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі бекітуде
Баку қаласында өткен Қазақстан Республикасы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) делегациясы мен Әзербайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік әлеуметтік қор (МӘҚ) делегациясының ресми кездесуінің аясында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған. Тараптар зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алмасу, зейнетақы жүйесіндегі цифрлық технологиялар бойынша тәжірибе бөлісу, сондай-ақ сарапшылық деңгейдегі бірлескен зерттеулер жүргізу сияқты кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуды көздейді.