Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық кіріс. Инвестициялық кіріс сомасы неге өзгереді

Инвестициялық кіріс. Инвестициялық кіріс сомасы неге өзгереді
2014 жылы зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырланғалы бері 2025 жылғы 1 қарашаға дейін салымшыларға 13,6 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелді.
Бүгінде бұл барлық зейнетақы жинақтарының 42,3%-ын құрайды – яғни жинақтардың жартысына жуығы! Бұл инвестициялық қызметтің қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қалыптастырудағы маңызды рөлін айқын көрсетеді.

Бұл қалай жұмыс істейді?
Зейнетақы жарналары Ұлттық Банк пен жеке басқарушы компаниялар тарапынан инвестицияланады. Тәуекелдерді төмендету үшін қаражат Қазақстанда да, шетелде де, экономиканың түрлі секторларында және әртүрлі валюталық құралдарда орналастырылады.
Инвестициялық табыс неден қалыптасады?
• бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан;
• қаржылық нарықтардағы баға мен валюта өзгерістеріне байланысты қайта бағалаудан;
• сыртқы басқару нәтижелерінен.

Неліктен табыс көлемі өзгеріп отырады?
Инвестициялық табыстың мөлшері қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты құбылады. Көрсеткіштердің ай сайын өзгере беруі –қалыпты жағдай. Нақты нәтижені дұрыс бағалау үшін кем дегенде бір жыл ішіндегі көрсеткіштерді салыстыру ұсынылады. Қысқа мерзімді ауытқулар жалпы тиімділікті көрсетпейді.

Маңызды:
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғаннан бері зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен тұрақты түрде жоғары.

Дата публикации
05 декабря 2025
Дата обновления
05 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы