Меню

Страницы

Статья

Әкімдікте су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы талқыланды.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалиннің айтуынша, 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы бойынша 105 тармақтан тұратын инженерлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстардың 45%-ы орындалған. Жоспарды іске асыруға 6,5 млрд теңге қарастырылған.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 3 шақырым өзен жағалауы нығайтылып, арнасы тазартылды, 2,3 шақырым қорғаныс бөгеті салынды, 9,6 шақырым гидротехникалық құрылыс жөнделді, 8,8 шақырым нөсер кәрізі тартылды, 6,4 шақырым су бұру арналары салынды, 26 шақырым арық пен каналдар тазартылды, 89 су өткізу нысаны орнатылып, жөнделді.

Асхат Шахаров су тасқынының алдын алу жұмыстары маусымдық емес, халықтың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стратегиялық міндет екенін алға тартты.

«Аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшылары дайындықты қағаз жүзінде емес, нақты іспен көрсетуі тиіс. Гидротехникалық құрылыстардың жағдайы, су өткізу жүйелерінің тазалығы, инертті материалдардың қоры мен техниканың дайындығы – барлығы алдын ала және толық көлемде қамтамасыз етілуі керек. Бір қателік бүтін бір ауылды қатерге тігеді. Салғырттық танытқандар жауапкершіліктен құтылмайды», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ ол су басу қаупі бар елді мекендердің тізімін, жедел топтардың жұмысын және халықпен байланыс жүйесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Дата публикации
16 октября 2025
Дата обновления
16 октября 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы