Меню

Страницы

Статья

Болашаққа инвестиция: кәмелетке толған қазақстандықтар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 22,29 млн доллардан астам қаражат пайдаланды

2025 жылғы 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша,

бағдарлама іске қосылған сәттен бастап (2024 жылғы 1 ақпаннан бері)

уәкілетті операторлар 22,29 млн АҚШ долларына 156 956 өтініш орындады.

Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін өкілетті операторларға аударылды.

🏡 Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін

98 046 өтініш, жалпы сомасы 14,14 млн АҚШ доллары, оның ішінде:

▪️ 13,85 млн доллар – тұрғын үй құрылысы жинақтарын толықтыру (95 786 өтініш)

▪️ 101,44 мың доллар – ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарна (755 өтініш)

▪️ 69,88 мың доллар – азаматтық-құқықтық мәміле арқылы тұрғын үй сатып алу (553 өтініш)

🎓 Білім алу ақысын төлеу үшін

58 910 өтініш, жалпы сомасы 8,15 млн АҚШ доллары, оның ішінде:

▪️ 7,38 млн доллар – Қазақстандағы оқу орындарына ақы төлеу (52 574 өтініш)

▪️ 527,67 мың доллар – білім жинақтау салымын толықтыру (4 477 өтініш)

▪️ 194,54 мың доллар – шетелдегі оқу ақысын төлеу (1 526 өтініш)

📌 Естеріңізге сала кетейік:

нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы қаражаттың барлығын немесе бір бөлігін пайдалана алады.

Пайдаланылмаған бөлігі нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.

Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖШ туралы ақпаратты

БЖЗҚ-дағы жеке кабинеті немесе eGov порталы арқылы қарап,

тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін

онлайн өтініш бере алады.

ℹ️ Толық ақпарат – enpf.kz сайтында.

🎥 Бағдарлама бойынша бейне нұсқаулықты

БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көруге болады

Қосымша ақпарат – kids.enpf.kz сайтында.

Дата публикации
16 октября 2025
Дата обновления
16 октября 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы